ЖАНАРДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫНАН

«әйелдерің сендер үшін киім сияқты…» (Құран, Бақара сүресі, 187 )

Қазақ кітаптарының рейтингі(1991-2011)

23 сәуір – Халықаралық кітап күні. Кітап оқылмайды, нарықты орыс кітаптары жаулап алды деп мерекенің шырқын бұзбайын. Бізде де елге танылған сапалы, қызықты кітаптар баршылық. Солар жайында айтайын. Бәлкім сіздердің де қосарларыңыз бар шығар.

Continue reading

Advertisements

April 22, 2011 Posted by | Бітігім, менің бітігім!, Uncategorized | 3 Comments

Танымал әйелдердің «бригадалары»

Жақында Зағипа Балиевадан пікір алып едім газетке. Саяси журналистикаға көп қатысым жоқ болғандықтан, бұл кісі жайында сырттай ғана пайымдайтынмын. Тіпті қазақша таза сөйлей алатынын да, шыны керек, білмеппін. Бұған алты баланы тәрбиелеп отырған ана екендігін қосыңыз. Кербез келіншекті орыстілді, тәккаппарлау ма деп ойлайтынмын. Басқаша болып шықты. Қарапайым, қазақы екен. Мәселе онда да емес. Зағипа апайымыз танымал әйелдердің бірлестігі жайында аз-маз айтып қалды. Continue reading

April 21, 2011 Posted by | Айтқым келіп тұр..., Uncategorized | 1 Comment

Қазақ болсын күйеуің!

Жаңа ғана Қалдықыздың Мен неге өзге ұлттың азаматымен тұрмыс құрдым?” деген жазбасын оқып шықтым. Өмірдің шынайы келбеті. Елдің пікірін сұрап, өзекті ой тасталған ортаға. Жақында Гүлсара деген құрдасыммен танысып, бір өлеңін тыңдап едім. Екі пікір бір-біріне дөп келе қалды. Дұрысы қарама-қайшы келді.

Қазақстан – қанша дегенмен Орта Азия аймағында алдыңғы қатарлы ел. Одан бұрын бізде өзгені сыйлағанда, қазақ жанынан түңіледі. (Меніңше бұл сыйластық та емес, жалтақтық). Сондықтан да өзге ұлттың жігіттері, әсіресе, көрші мемлекеттердің азаматтары немесе өзінің тәуелсіздігі жоқ ұлт өкілдері қазақ қыздарына көз тастап жүргені өтірік емес. Жуырда құрбым Түркменстанға барып келді іссапармен. Бір түркменнің алтын асықтай жігіті сөз айтып, қаласаң Алматыға көшіп барайын депті. Былтыр Моңғолия Үкіметінің құрамында белді қызмет атқаратын бір азамат артынан қалмай қойып еді. Continue reading

April 13, 2011 Posted by | Айтқым келіп тұр..., Uncategorized | 13 Comments

Тәңір Ғанидың немересі болғаны ма?

Өзге елдерде қызыл кілеммен жүріп өткен әртістер талай уақыт журнал беттерінен түспейтіні бар. Бізде де ондай фестивальдер өтіп тұрады. Бірақ мәдени емес, саяси. Содан болар 3 сәуір жұртшылықты кімнің сайлауға қатысқанынан бұрын қасына кімді ертіп келгендігі қызықтырған шығар. Төрт кандидат та аянып қалған жоқ. Бірі отбасымен, бірі қыздарымен, әйтеу ешбірі жалғыз келмеді. Бірақ мәселе онда емес. Сайлау өтіп, “Болары болып, бояуы сіңгенімен”, бір нәрсе есімнен шықпай-ақ қойды. Мені таңғалдырған Ғани Қасымов еді. Шындығында Ғани Қасымов емес, оның немересінің есімі. ТЕНГРИ-ГАНИ. Бір порталдар ТЕНГРИ-КАСЫМ деп таныстырып жатты.

Continue reading

April 12, 2011 Posted by | Айтқым келіп тұр..., Uncategorized | 4 Comments

Қазақтың төл құсы қай құс?

Есенғали РАУШАН, ақын:

Құстар туралы сөз – азаттық туралы сөз

Алғашқы жинағыңыз – «Қара бауыр қасқалдақ». Он жылдан кейін – «Құстар мен періштелер». Одан бөлек «Құстар – біздің достарымыз» деген кітабыңыз бар. Құстарға деген құштарлық қайдан пайда болды?

– Ақындар мен құстар – егіз ұғым. Себебі, екеуі де азаттықты сүйеді. Өзің қарашы, құстар қандай ғажап жаратылыстар! Ақындар да көкте ұшуды қалайды, ноқтаға басы сыймайды. Дүниеде құстар туралы өлең жазғандар аз. Дегенмен қанатты достарға арнап дүние туындап жатса, оған таңғалудың қажеті жоқ.

– «Құстар қайтып барады немесе күзгі идиллия» деп жазып едіңіз. Қазір көктем, қанатты «апаларымыз» «төркіндеп» келіп жатыр…

– Шығыс әпсанасы бойынша, көктем құстардың қанатына мініп келеді екен. Қазақта көктемде жауған қарды «Құс қанаты» деп бекер айтпайды. Құстың қанатынан ескен жел тоңды жібітіп, адамдардың жүрегіне сәуле құяды деседі. Көктем – махаббат маусымы. Ал махаббат дегеніміз – жылылық, адамдардың бір-біріне деген мейірімі. Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадистерінде «Құстар да Алланың әмірімен ұшып-қонады» деген ой бар.

Continue reading

April 1, 2011 Posted by | Uncategorized | 1 Comment

2011 көктем-жаз сәні – орамал

Continue reading

March 31, 2011 Posted by | Керім-ау, айдай! | 4 Comments

Астаналық жас әншілерден кімді білеміз?

Көптен бері Елордадағы жас  өнерпаздармен танысудың реті келмей жүр еді. Жақында “Атамекен” Қазақстан картасы” мекемесінде Наурыз той өтіп, пәлсапалық, иманды, ойлы әндер орындап жүрген дәстүрлі әнші әрі композитор Зағипа деген әпкемізді кезіктіріп қалдым. Әні де, киімі де қазақы екен. Сосын сұхбат алдым жалма-жан:-) Сіздер де тани беріңіздер. Екі-үш күнде бұйыртса әндерін тіркеймін. 

Зағипа ИМАНҒАЗЫ, композитор, дәстүрлі әнші:СЕКСЕУІЛ ШОҚТЫ ЖАНАРЫМ МЕНІҢ

Continue reading

March 31, 2011 Posted by | Uncategorized | Leave a comment

Датым бар, Бек Датұлы!

(Abai.kz сайтында Бек Датұлының “Ислам атын жамылып арандатушыларға арнаймын» деген материалына қатысты )

Өзі айтқандай «отыздан асқан отағасының» бетінен алайын деп отырғаным жоқ. Бірақ ғұламалар «Таластан ақиқат туады» дейді. Сондықтан Дайрабайдың сиырына айналған хиджаб мәселесінде үндемей қалған жөн болмас деп ойлаймын.

Continue reading

March 18, 2011 Posted by | Бірінші байлық - иман | 4 Comments

«Пайғамбарлар қиссасы» кітабы һәм адамзат тарихындағы темірқазық

Құраст. А. Қадыров, Ж.Жакипов, Қ.Қыдыралыұлы. – «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2010. – 272 бет

Құран әр мұсылманның өмірінде бағдаршам іспеттес. Оқысақ, іздегеніміздің бәрі бар онда. Әйткенмен Аллаһтың сөзін керекті ақпаратпен қаруланбаған жанға түсіну, игеру оңай емес. Сондықтан Құранды кез келген кітап сынды оңай оқып шығам деп ойламаңыз. Осы орайда назарларыңызға ұсынылып отырған басылым қасиетті кітабымыздағы жазылған оқиғаларды түсінуге жол ашатын дүние болмақ. Имам Ибн Касир еңбектерінің негізінде дайындалған бұл бітікте ғалам мен тіршілік атаулыға Аллаһтың тура жолын жеткізген пайғамбарлардың өмірі қамтылған. «Әрине олардың (яғни пайғамбарлардың) қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. (Құран) бір жасанды сөз емес», – делінген Юсуф сүресінің 11-аятында.

Continue reading

March 10, 2011 Posted by | "Кимешек Пикчес" ұсынады (жасырын жарнама), Бітігім, менің бітігім! | 3 Comments

Әлемдегі алғашқы және ең сұлу әйел – Хауа



Рахымы мол Алла Тағала жалғызсырап, рухы құлазыған Адам атаға Хауа ананы сыйлады. Ұйқысынан оянғанда сол қабырғасының бірінен сомдалған сұлу мүсінді көріп, Адам таңырқай қалады. Оның «Не үшін жаратылдың?» – деген сұрағына, Хауа анамыз: «Сенімен тұру үшін», – деп жауап берген екен.

Continue reading

March 7, 2011 Posted by | Бірінші байлық - иман | Leave a comment