ЖАНАРДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫНАН

«әйелдерің сендер үшін киім сияқты…» (Құран, Бақара сүресі, 187 )

2011 көктем-жаз сәні – орамал

2011 жыл орамал әбден жұлдыз болды. Бір елде оның басы дауға ілігіп жатса, бір елде сәнге айналыпты. Олай дейтініміз, батыстық мамандар 2011 жылдың көктем-жаз айларында кезінде маңызды көркемдік аксессуар ретінде белге, қолға, сөмкеге, мойынға байланып келген орамалдың бағын ашып, мәртебесін көтеріп, енді оны басқа тағуға кеңес беруде. Сән майталмандары жаулықты жүзіңіз бен бет пішіміңізге қарай икемдеу керектігін айтады. Қаласаңыз бір жолақ қылып байлаңыз. Кеңестік кезеңде сән болған шаруа әйелінің бейнесіндегідей артқа тартсаңыз да болады. Перғауын ханшаларындай төбеге өркештей орнатсаңыз да еркіңіз. Қысқасы қиялыңыз бен иманыңыз біледі.

March 31, 2011 - Posted by | Керім-ау, айдай!

4 Comments »

  1. Мұндай орамалдар қашаннан да сәннен қалған емес, әсіресе, түрлі-түсті орамалдарды киген киіміңе үйлестіріп, мойынға жай байлай салуды қыз-келіншектердің көбісі жақсы көреді. “Кеңестік кезеңде сән болған шаруа әйелінің бейнесіндегідей артқа тартсаңыз да болады” дегеніңмен келіспеймін. Үйіндегі үлкендердің алдында басынан орамалын тастамайтын оңтүстіктің келіндері көбінесе орамалды артқа тартады (бірақ суреттегідей шашын шашыратпай, жинап қояды).

    Comment by Ләйлә | April 1, 2011 | Reply

  2. Білмеймін, маған бірақ сауыншының бейнесі көз алдыма келді:-)

    Comment by qimesheq | April 1, 2011 | Reply

  3. Ал төртінші сурет перғауын ханымдарына ұқсайды екен

    Comment by qimesheq | April 1, 2011 | Reply

  4. ана сары орамалға қызығып отырғаным ааай:)тастарымен керемет екен

    Comment by 6gradus | May 8, 2011 | Reply


Leave a comment